Кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессия отырысы өтті

Кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессия отырысы өтті
19 қаңтар күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдиннің төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма тоғызыншы сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Саян Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаттары Еркін Жиеналин мен Өркен Ақеділов, аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы М.Арыстанов және Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Б.Бисекенов оффлайн режимінде, сонымен қатар ауылдық округ әкімдері мен ауылдық округтерден сайланған депутаттар zoom платформасы арқылы онлайн режімінде қатысты.
Күн тәртібінде келесідей мәселе қаралып, талқыланды:
1. № 1 бірмандатты сайлау округі бойынша Ойыл аудандық мәслихатының депутаты С.М.Нұрбаевтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы
Хабарламашы: Б.Т.Бисекенов – Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
Ұсыныс-пікірлер тыідалып, күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес шешім қабылданды.