Баршамыздың шаңырағымыз үшін ең қуанышты және сүйікті мереке – бір-бірімізге, туған-туысқандарымызға бақыт пен амандық тілейтін Жаңа жыл мерекесі құтты болсын!
Жаңа жыл – жаңа үміттер, ең ардақты армандар мерекесі, және де өткенге көз салып, өтер жылды қорытындылайтын уақыт.
Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!
Сіздер үшін ол құтты және берекелі болып, шаңырақтарыңызға мол қуаныш, сәттілік әкелсін! Жоспарларыңыз орындалып, болашаққа сенімдеріңіз нығайсын!
Сіздерге зор денсаулық, бақыт пен амандық тілеймін! Жаңа жыл құтты болсын!