Төрағаның желтоқсан айы бойынша қабылдауы

Төрағаның желтоқсан айы бойынша қабылдауы
Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы, N2 сайлау округінің депутаты Сәкен Займолдин Ойыл ауданы әкімдігінің ғимаратында орналасқан аудандық мәслихаты аппараты мекемесінде тұрақты түрде сайлаушыларға қабылдау жүргізіп отырады.
Мәслихат төрағасы әрбір тұрғынның мәселесін мұқият тыңдап, барлық сұрақтарға заңнамаға сәйкес жауап берді. Желтоқсан айы бойынша тұрғындар тарапынан тұрғын үй, жұмыс, “Дипломмен ауылға” бағдарламасымен тұрғын үй алуға ықпал ету, сонымен қатар су тасқынынан кейін Екпетал тұрғындарына салынған мектептің ашылуы жөнінде мәселелер көтерілді.
Азаматтардың әрбір өтініші назарға алынып, заңдылығына сәйкес қарастырылатын болады.