Кезектен тыс жиырма жетінші сессия отырысы өтті

Кезектен тыс жиырма жетінші сессия отырысы өтті
Ағымдағы жылдың 12 желтоқсан күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдиннің төрағалық етуімен аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясы өтті.
Сессия отырысына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары мен тиісті мекеме басшылары оффлайн режимінде және ауылдық округ әкімдері онлайн режимінде қатысты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралып, талқыланды:
1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №200 «2025-2027 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы​
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы;
2. Аудандық мәслихаттың кезектен тыс жиырма жетінші сессиясына 17 жетоқсанға дейін үзіліс жариялау туралы
Хабарламашы: С.Ғ.Займолдин - аудандық мәслихат төрағасы.
Күн тәртібіндегі аталған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер тыңдалып, тиісінше шешімдер қабылданды.
Сонымен қатар, сессия барысында N6 сайлау округінен сайланған аудандық мәслихат депутаты Ешпанова Назгүл Қайроллақызына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының төрағасы М.Әшімбаевтың Құрмет Грамотасы табысталды.