16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнімен құттықтау

16 желтоқсан - Тәуелсіздік күнімен құттықтау

Қымбатты жерлестер!

Бұл күннің біз үшін тарихи маңызы ерекше, мәні зор. Өйткені “мың өліп, мың тірілген” қазақ халқы қастерлі тәуелсіздікті, егемен елдікті сақтау жолында небір қилы замандарды басынан өткерген. Бостандық үшін найзасына үкі тағып, ғұмырын ат үстінде өткізген есіл ерлеріміздің қасық қанымен, аналарымыздың көз жасымен келген Тәуелсіздіктің қадірі бәрінен артық.
Ғасырлар бойы азаттықты аңсап тәуелсіздік жолында жанын берген ата-бабаларымыздың рухы шат болсын. Бүгінгі ұрпақ — байтақ даламызды көздің қарашығындай сақтап, тәуелсіздіктің тұғырын биік ете түсуіміз керек. Ол үшін даму жолында дүниенің көшіне ілесе отырып мемлекетімізді одан қуатты ете түсуіміз керек.

Қымбатты аудан тұрғындары!

Баршаңызды айтулы мерекемізбен шын жүректен құттықтай отырып отбасыларыңызға амандық, Отанымызға тыныштық тілеймін. Ойыл ауданы көркейіп, гүлдене берсін. Елімізде әрдайым тұрақтылық орнап, бейбітшіліктің бесігі тербеле берсін!
Тәуелсіздік күні құтты болсын!

Құрметпен,
Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы ЗАЙМОЛДИН СӘКЕН ҒАЗИЗҰЛЫ