
Бүгін, 3 желтоқсан күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин мен аудандық мәслихат депутаты Еркін Жиеналин Ойыл аудандық ауруханасында болып, аурухана жұмысымен танысып, жұмыс барысына депутаттық бақылау жүргізді. Және де жаңадан келген мамандармен тілдесіп, жұмыстарына сәттілік тіледі. Сонымен қатар ауруханада жатқан ем алушылармен жолығып, қал-жағдайларын сұрасып, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.