Аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен волейболдан аудандық турнир өтті

Аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен волейболдан аудандық турнир өтті
Аудандық мәслихаттың ұйымдастыруымен мекеме қызметкерлері арасында волейболдан аудандық турнир өтті
Қазақстан Республикасы мәслихаттарының 31 жылдығына орай Ойыл ауданында мекеме қызметкерлері арасында волейболдан дәстүрлі турнир ұйымдастырылды.
Турнирдің ашылуына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин, аудандық мәслихат депутаттары Жангүл Ізғарина және Мұстафа Бисембаев, аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Марат Арыстанов, спорт саласының ардагерлері және бірқатар мекеме басшылары қатысты.
Турнирдің ашылуында аудан әкімі Асқар Қазыбаев сөз сөйлеп, қатысушыларға сәттілік тілеп, салауатты өмір салтын насихаттаудың маңыздылығына тоқталды.
Тартысты өткен кездесулер барысында командалар жоғары дайындық танытып, әр ұпай үшін қызу күрес жүргізді. Көрермендер спортшылардың техникасы мен шеберлігіне тәнті болды.
Турниге жалпы 14 команда қатынасып, оның ішінде 3-еуі жүлделі орындарға ие болды.
🏆Жарыс нәтижесі бойынша:
III орын – Ойыл электр желісі командасы;
II орын – Ойыл балалар-жасөспірімдер спорт мектебі командасы;
I орын – Ойыл аудандық полиция бөлімі командасы жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар жақсы ойын өрнегін көрсеткені үшін Өрт сөндіру бөлімі командасы ынталандыру сыйлығымен марапатталды.
Жеке номинациялар бойынша да үздіктер анықталды:
«Үздік қорғаушы» – Саржігітов Исатай
«Үздік байланыстырушы» – Еркінов Әли
«Үздік ойыншы» – Жонысов Бекарман
Турнир соңында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге ауыспалы кубок, мадақтама, медальдар табысталып, командалар қаржылай марапатталды.
Және де ойында белсенділік танытқан 5 жас ынталандыру сыйлығымен аудандық мәслихат депутаты, аудандық жастар ресурстық орталығының басшысы Жангүл Ізғаринаның атынан алғыс хатпен марапатталып, сый-сыяпаты табысталды.
Турнирдің өтуіне демеушілік етіп, өз үлестерін қосқан аудандық мәслихат депутаттары Тилекбай Амировке, Назгүл Ешпановаға, Жангүл Ізғаринаға және Өркен Ақеділовке, сонымен қатар қатынасқан барлық командаларға алғыс білдіреміз!!!