Зейнеткерлікке шыққан Қаракемер ауылы тұрғынына құрмет көрсетілді

Зейнеткерлікке шыққан Қаракемер ауылы тұрғынына құрмет көрсетілді

Ағымдағы жылдың 27 қараша күні аудандық мәслихат төрағасы, N2 сайлау округінің депутаты Сәкен Займолдин Ойыл ауылдық округіне қарасты Қаракемер және Ақшатау ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, әлеуметтік нысандардың жұмыс барысын қарады. Сонымен қатар ветеренария саласынан зейнеткерлікке шығып жатырған Қаракемер ауылының тұрғыны Өтеғалиев Төлепберген Өтегенұлын зейнеткерлікке шығу 63 жасымен құттықтап, сый-құрметін көрсетті.