Құрметті аға буын өкілдері!
Сіздерді Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Аға буынның тәуелсіз мемлекетіміздің қалыптасуына, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, бейбітшілікті нығайтуға қосқан үлесін ерекше атап өткім келеді.
Өскелең ұрпақ үшін сіздер борышқа адалдықтың, Отанға деген сүйіспеншіліктің, жеңіске деген өшпес ерік-жігердің үлгісісіздер!
Сіздер әрқашан құрметке лайықсыздар. Барлық уақытта адамзат үшін қарттардың даналығы жастар үшін баға жетпес байлық болып табылады.
Құрметті аға ұрпақ өкілдері! Осынау айтулы мерекемен құттықтай отырып, Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық және белсенді ұзақ ғұмыр тілеймін.
Құрметпен, Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы Сәкен Займолдин