Ойыл аудандық мәслихатының төрағасы, N2 сайлау округінің депутаты Сәкен Займолдин Ойыл ауданы әкімдігінің ғимаратында орналасқан аудандық мәслихаты аппараты мекемесінде тұрақты түрде сайлаушыларға қабылдау жүргізіп отырады.
2025 жылдың қыркүйек айында қабылдауда болған өтініштердің легі: тұрғын үй, тұрақты жұмысқа орналасу, Қаратал ауылының ауылішілік жолдарын ыждағаттау және т.с.с. мәселелер болды.
Өтініштер жан-жақты тыңдалып, жергілікті атқарушы билікпен шешу қарастырылатындығы жөнінде заңдылығына сәйкес түсінік беріліп, барлық түскен өтініштер назарға алынды.