Сессия отырысына аудан әкімі Асқар Қазыбаев, аудан әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, аудандық мәслихат депутаттары, тиісті мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде төмендегідей мәселелер қаралып, талқыланды:
1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №200 «2025-2027 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
2. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының есебі туралы
Хабарламашы: Б.М.Қанатов - аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының у.м.а.
3. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қаңтардағы №211 «Ойыл аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі бір мандатты округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Т.Бисекенов – Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
4. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №106 «Ойыл аудандық аумақтық сайлау Комиссиясын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Т.Бисекенов – Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
5. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы №107 «Ойыл ауданындағы учаскелік сайлау комиссияларын сайлау туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Т.Бисекенов – Ойыл аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы
6. Ойыл аудандық мәслихатының депутаты С.М.Нұрбаевтың депутаттық сауалы туралы
Хабарламашы: С.М.Нұрбаев - аудандық мәслихат депутаты