11 шлде күні аудандық мәслихаттың әлеуметтік-экономикалық даму, бюджет, халықты әлеуметтік қорғау және аграрлық сала мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысына аудандық мәслихаттың депутаттары, аудан әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, тиісті мекеме басшылары және ауылдық округ әкімдері қатысты.
Күн тәртібінде келесідей мәселелер қаралып, талқыланды:
1. Ақтөбе облысы Ойыл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №200 «2025-2027 жылдарға арналған Ойыл аудандық бюджетін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Хабарламашы: Б.Әділханов - аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы
2. Өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының есебі туралы
Хабарламашы: Б.Қанатов - аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының уақытша міндетін атқарушы