Ағымдағыф жылдың 9 шілдесі күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин Ойыл ауылдық округінің әкімі Рүстем Сағынғалиевпен Ойыл ауылдық округіне қарасты Қаракемер және Ақшатау ауылдарында болып, бой көтергелі тұрған балалар ойын алаңдарының құрылысы барысын қарады. Төраға депутаттық бақылау барысында балалар ойын алаңының стандарттарға сай салынуы қажеттігін айтып өтті.