Қаратал ауылындағы жұмыстарға депутаттық бақылау жүргізілді

Қаратал ауылындағы жұмыстарға депутаттық бақылау жүргізілді

Ағымдағы жылдың 8 шілдесі күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин мен аудандық мәслихат депутаттары Жангүл Ізғарина және Назгүл Ешпанова Ш.Берсиев атындағы ауылдық округіне қарасты Қаратал ауылында жүргізіліп жатырған жұмыстарға: ауылішілік көшелерді асфальттау, волейбол және шағын футбол алаңының, балалар ойын алаңының құрылысының жәй-күйін қарап, депутаттық бақылау жасады. Сонымен қатар ауыл тұрғындарын көкейтесті мәселелерімен қабылдап, тиісінше заңдылығы шеңберінде түсінік беріп өтті. Мәселелер легі: жұмысқа орналасуға ықпал ету болды.