Халықпен бірге!” Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша талқылау

Халықпен бірге!” Сайлауалды бағдарламасының орындалуы бойынша талқылау
Ағымдағы жылдың 2 шілде күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдиннің төрағалығымен Ақтөбе облысы бойынша “Amanat” партиясының 2023-2027 жылдарға арналған “Халықпен бірге!” Сайлауалды бағдарламасын іске асыру бойынша келесідей бөлімдердің жұмыстары тыңдалды:
1. Аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі;
2. Аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі;
3. ⁠Аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі;
4. ⁠Аудандық экономика және қаржы бөлімі;
5. ⁠Ойыл аудандық ауруханасы;
6. ⁠Ойыл аудандық төтенше жағдайлар бөлімі;
7. ⁠Ойыл ауданының білім бөлімі.
Отырысқа аудандық мәслихат депутаттары Еркін Жиеналин, Сәндібек Нұрбаев, сонымен қатар бірқатар тиісті бөлім басшылары қатынасты.
Отырысты қорытындылаған төраға бөлім басшыларына алдағы уақытта сайлауалды бағдарламада көрсетілген көрсеткіштерге қол жеткізуге жұмыстанулары жөнінде сын-ескертпелерін жеткізді.
📌Партияның Жол картасы аясында аудан бойынша 33 іс-шара жоспарланған. Оның ішінде 12 жоба толығымен аяқталған болса, 16 жоба орындалу үстінде. Сондай-ақ мерзімі келмеген және орындалмау қаупі бар жобалар да бар.