Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына - 100 жыл толуына орай

Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың туғанына - 100 жыл толуына орай
Биыл Кеңес Одағының Батыры, қазақтың мерген қызы Әлия Молдағұлованың туғанына - 100 жыл. Ұлы есімді ұлықтау мақсатында Ақтөбе өңірінде жыл басынан бері мәдени-танымдық, рухани шаралар ұйымдастырылып жатыр.
Осы орайда Қобда ауылында өткен Қазақтың мерген қызының мерейтойына Ойыл аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин бастаған бірқатар аудандық мәслихат депутаттары: Еркін Жиеналин, Тилекбай Амиров, Жангүл Ізғарина және Назгүл Ешпанова қатынасты.