Қаракемер және Ақшатау ауылдарының тұрғындарымен кездесу

Қаракемер және Ақшатау ауылдарының тұрғындарымен кездесу
Ағымдағы жылдың 27 мамыр күні қабылдау кестесіне сәйкес аудандық мәслихат төрағасы, N2 сайлау округінің депутаты Сәкен Займолдин Ойыл ауылдық округінің әкімі Рүстем Сағынғалиевпен Ойыл ауылдық округіне қарасты Қаракемер және Ақшатау ауылдарының тұрғындарымен кездесті. Тұрғындар тарапынан: санитарлық-абаттандыру, полигон мен мал моласын қалпына келтіру, раскул салу, жер, жол, көпір мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар әлеуметтік нысандардың жұмыс барысы қаралды.