Халық қалаулылары әр санаттағы аудан жастарымен кездесті
Ойыл аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин мен аудандық мәслихат депутаттары Еркін Жиеналин, Сәндібек Нұрбаев, Жангүл Ізғарина және Өркен Ақеділов әр санаттағы аудан жастарымен кездесті (7 ауылдық округ бойынша жастар қамтылды).
Жастармен кездесуге Ойыл ауылдық округінің әкімі Рүстем Сағынғалиев, аудандық ауылшаруашылығы және кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Арсланбек Алдияров, аудандық ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Бакберген Мұхамбетқали және Мансап орталығының маманы Артур Берекенов шақырылды.
Жастар тарапынан: Қаратал ауылына қыз-келіншектердің бос уақытын тиімді пайдалануға шаралардың қажеттігі, Ойыл ауылының жоғары жақ көшелерін асфальттау, полиогон мәселесі, жас мамандарға тұрғын үй, көпір мәселесі, спорттық жарыстар әйел адамдар арасында өтсе, Қараой ауылына спорттық нұскаушы қажеттігі және жол нашар болғандықтан жастардың тұрақтамауы, резедентураға оқуға көмек көрсету мәселелері көтерілді. Барлық ұсыныс-пікірлерге жергілікті атқарушы орган өкілдерімен бірлескен түрде тұшымды жауаптары берілді.
Сонымен қатар депутаттар жастарды жеке мәселелерімен қабылдады. Өтініштер легі: Қайыңды ауылдық округінен ангарлы типтегі спорт алаңын салу және тұрғын үй алуға ықпал ету мәселелері болды. Өтініштерге заңдылығы аясында түсінік беріліп, жергілікті атқарушы билікпен қаралатындығы жеткізілді.