Ағымдағы жылдың 26 мамыры күні аудандық мәслихат төрағасы Сәкен Займолдин мен аудандық мәслихат депутаттары Еркін Жиеналин, Сәндібек Нұрбаев және Жангүл Ізғарина италиялық шегірткесі дернәсілдерін улау жұмыстарының барысын қарап, депутаттық бақылау жүргізді.
Аудан бойынша 2025 жылға италиялық шегірткесі дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстарына 55 817 га болжам жасалынған.
Қазіргі таңда өңдеуге жататыны 11 920 га, өңделгені 8160 га.
Жергілікті саяқ шегірткесі дернәсілдеріне қарсы өңдеу жұмыстарына 3210 га болжам жасалынған.
Қазіргі таңда өңдеуге жататыны 1398 га, өңделгені 1100 га.
Аудан бойынша Уаз УМО - 3 дана, Камаз, Газ -53 ГАРД -2 дана, барлығы 5 дана улау техникалары өңдеу жұмыстарын жүргізуде. Аудан бойынша 72 адам мониторингтік зерттеу жұмыстарына жұмылдырылған.