Депутаттық оқу

Депутаттық оқу

2025 жылдың 07-11 сәуір аралығында Ұйғыр аудандық мәслихатының депутаттық корпусы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 22-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалында «Мәслихаттардың рөлі мен әлеуетін нығайтудың заманауи тәсілдері» бойынша біліктілігін арттыру семинарына қатысты. 

40 академиялық сағат көлеміндегі семинарда депутаттар жаңа сын-қатерлер мен қазіргі нақтылық жағдайында тиімді қызмет ету үшін қажет құзыреттері мен практикалық дағдыларының дамуы бойынша біліктілігін арттырып қайтты.