2026 жылғы 31 шілдеде Ұйғыр аудандық мәслихатының кезектен тыс LXІV сессиясы өтті

2026 жылғы 31 шілдеде Ұйғыр аудандық мәслихатының кезектен тыс LXІV сессиясы өтті

2026 жылғы 31 шілдеде Ұйғыр аудандық мәслихатының кезектен тыс LXІV сессиясы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы;
  2. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы,  жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын сайлау туралы» № 8-1-5 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  3. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 30 наурыздағы «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі тұрақты комиссиясының құрамын сайлау туралы» № 8-1-3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  4. Аудандық мәслихаттың 2020 жылғы 17 наурыздағы «Аудан әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» № 6-61-356 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Хасенов);
  5. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі «Ұйғыр ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 8-60-279 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудан әкімі аппаратының басшысы Н.Хасенов);
  6. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2026 жылғы 29 сәуірдегі «Аудандық жер учаскелерін беру және сауда-саттықты (аукциондарды, конкурстарды) ұйымдастыру бойынша жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 8-60-281 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық жер бөлімінің басшысы Ю.Миталипов);
  7. Ұйғыр ауданындағы жекелеген мұқтаж азаматтар санаттарына қалалық және аудандық қоғамдық көлікте (таксиден басқа) жол жүру жеңілдіктерін беру туралы (Хабарламашы – аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің бас маманы Х.Турсунов);
  8. Ұйғыр аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрәкім Есенбайұлы Есжанның жалақысы сақталмайтын демалысы туралы).

Қаралған мәселелер бойынша ұсыныс, пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.