2026 жылдың 18 маусымда аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXIII сессиясы онлайн форматында өтті

2026 жылдың 18 маусымда аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXIII сессиясы онлайн форматында өтті

   2026 жылдың 18 маусымда аудандық мәслихаттың кезектен тыс LXIII сессиясы онлайн форматында өтті. Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелер қаралды:

    1. Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 11 қазандағы №8-10-52 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы- аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы Насиба Утукқызы Генякова);

  1. Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 17 қаңтардағы «Ұйғыр аудандық округтік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №7-37-169 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы Арзигуль Гопурқызы Манапова);
  2. Ұйғыр аудандық мәслихаттың 2023 жылғы 25 желтоқсандағы «Ұйғыр аудандық учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы» №8-14-78 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы Арзигуль Гопурқызы Манапова);
  3. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2022 жылғы 29 наурыздағы «Ұйғыр ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаны және қылмыстық-құқықтық ықпал етудің өзге де шараларын атқаратын мекемелердің қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ қылмыстық жазасын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру жөніндегі консультативтік-кеңесші органының құрамын бекіту туралы» №7-22-107 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы- аудан әкімі аппаратының басшысы Н. Хасенов);

5.Ұйғыр аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 наурыздағы «Ұйғыр ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» №8-57-264 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы- аудан әкімі аппаратының басшысы Нұртас Ноғайбекұлы Хасенов)

6.Ұйғыр аудандық мәслихатының 2026 жылғы 18 наурыздағы «Ұйғыр ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» №8-57-265 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы- аудан әкімі аппаратының басшысы Нұртас Ноғайбекұлы Хасенов).

7.Ұйғыр аудандық мәслихаттың төрағасы Есжан Нұрәкім Есенбайұлыны кезекті еңбек демалысынан кері шақыртып алу туралы.

Қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.