Ағымдағы жылы Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының 2022-2026 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру аяқталуда. Осыған орай 23 сәуір күні аудандық мәслихаттың төрағасы Есжан Нұрәкім Есенбайұлының төрағалығымен ҚР-ның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатының жаңа Тұжырымдамасын әзірлеу тәсілдеріне талқылау жүргізілді. Отырысқа аудандық мәслихаттың депутаттары, мекеме басшылары мен аппарат қызметкерлері қатысты.