2026 жылғы 18 наурызда Ұйғыр аудандық мәслихатының кезекті LVІІ сессиясы өтті.

2026 жылғы 18 наурызда Ұйғыр аудандық мәслихатының кезекті LVІІ сессиясы өтті.

2026 жылғы 18 наурызда Ұйғыр аудандық мәслихатының кезекті LVІІ сессиясы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Аудандық мәслихат төрағасы Есжан Нұрәкім Есенбайұлының аудандық мәслихаттың 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы есебі;
  2. Аудандық мәслихаттың «Бюджет, экономикалық даму, өнеркәсіп, көлік, құрылыс, байланыс, сауда, туризм, тұрғын үй мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы (Хабарламашы – тұрақты комиссия мүшесі А.Дүйсенбақызы);
  3. Аудандық мәслихаттың «Халықты әлеуметтік жағынан қорғау, жұмыспен қамту, білім беру, денсаулық сақтау, жастар ісі, мәдениет, тіл және діни мәселелер жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы (Хабарламашы – тұрақты комиссия төрағасы Н.Болатұлы);
  4. Аудандық мәслихаттың «Заңдылық пен құқық тәртібі, азаматтардың құқығы,  жергілікті өзін-өзі басқару, ауылшаруашылық, жер қатынастары, экология және табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, депутаттық өкілеттіктер мен этика мәселелері жөніндегі» тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы (Хабарламашы – тұрақты комиссия төрағасы А.Ашимов);
  5. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы
    18 қаңтардағы №19 Жарлығына сәйкес Тасқарасу және Тиірмен ауылдық округтері әкімдерінің мәслихат депутаттары алдындағы есебі (Баяндамашылар – Тасқарасу және Тиірмен ауылдық округтерінің әкімдері);
  6. Өзге де мәселелер.

Қаралған мәселе бойынша ұсыныс, пікірлер айтылып, тиісті шешім қабылданды.