
2026 жылдың 27 қаңтарда Шонжы ауылында аудандық мәслихат депутаттары С.Ермухаметова, Б.Абдилова, А.Ашимов, Н.Болатұлы және Ш.Мубарековтардың қатысуымен халық алдында аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған жұмыстары бойынша есепті кездесу өткізді. Кездесуге ауылдың жігіт басылары, ауыл тұрғындары, тиісті бөлім басшыларымен ауылдық округ әкімі аппаратының мамандары қатысты. Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік - экономикалық даму, инфрақұрылымды жақсарту, жол, ауыз су, жарықтандыру, білім беру және денсаулық сақтау салаларындағы өзекті мәселелер көтерілді. Мұндай кездесулер халықпен кері байланыс нығайтуға және ауылдың тұрақты дамуын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретіні айтылды.