2026 жылдың 27 қаңтар күні аудандық мәслихаттың төрағасы Н.Есжан Қырғызсай және Сүмбе ауылдық округтерінде кезекті есебін берді. Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасыныдағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы" Заңының 8 бабының 1-1 тармағын орындау мақсатында аудандық мәслихаттың және оның тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады. Есепке аудандық мәслихаттың депутаттары М.Надырханов, А.Дүйсенбайқызы және аудандық қорғаныс істері жөніндегі бөлімшесінің бастығы А.Әділханов қатысты. Тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға тиісті жауаптар беріліп, айтылған ұсыныстар ескерілді.