17.12.2025 күні аудан әкімшілігінің мәжіліс залында 16-отырыс өтті.

17.12.2025 күні аудан әкімшілігінің мәжіліс залында 16-отырыс өтті.

17.12.2025 күні аудан әкімдігінің мәжіліс залында 16-отырыс өтті. Отырыс барысында қаралған мәселелер:
1. Ұйғыр ауданда салынып жатқан құрылыстардың жүргізілуі, жол мен ауыз су сапасы, бюджеттен бөлінген қаржының мақсатты жұмсалуы туралы (Хабарламашылар - аудандық құрылыс бөлімінің басшысы Р.Исмаилов, аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекция бөлімінің басшысы Б. Авакриев, аудандық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Д. Исмаилов);
2. Шонжы ауылдық округі әкімі аппаратымен көрсетілген мемлекеттік қызметтер туралы (Хабарламашы - Шонжы ауылдық округінің әкімі А. Аширов);
3. Үлкен Ақсу ауылдық округіне қарасты Үлкен Ақсу ауылының көшесіне атау беру туралы (Хабарламашы - Үлкен Ақсу ауылдық округінің әкімі М.Абдикаров).
4.Ұйғыр аудандық мәслихатының 2024 жылға 26 желтоқсандағы № 8-34-172 "Ұйғыр ауданының 2025-2027 жылдарға бюджеті туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы шешім жобасына қорытынды беру (Хабарламашы - Ұйғыр аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.Ызғарбек).