Сессияның күн тәртібіне төмендегі мәселелерді енгізу ұсынылды:
1. Ұйғыр ауданында оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы (Хабарламашы – аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Р.Амаров);
2. Ұйғыр ауданындағы Бахар, Кетпен елді мекендерінің дамыту және оңайлатылған бас жоспарын және Шарын ауылының бас жоспарын бекіту туралы (Хабарламашы – аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Ә.Нурсеитов);
3. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2025 жылғы 26 тамыздағы «Ұйғыр ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының құрамын бекіту туралы» № 8-46-219 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Хабарламашы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтақ бөлімінің басшысы Ө.Үстембей);
4. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2024 жылғы 14 маусымдағы «Ұйғыр ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі өңірлік ведомствоаралық комиссияның құрамын бекіту туралы» № 8-23-126 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудан әкімі аппаратының ұйымдастыру, мемлекеттік-құқықтақ бөлімінің басшысы Ө.Үстембей).