2025 жылғы 28 қазанда Ұйғыр аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезектен тыс ХLІХ сессиясы өтті

2025 жылғы 28 қазанда Ұйғыр аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезектен тыс ХLІХ сессиясы өтті

2025 жылғы 28 қазанда Ұйғыр аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезектен тыс ХLІХ сессиясы өтті.

Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:

  1. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы «Ұйғыр ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» № 8-34-172 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.Ызғарбек);
  2. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 27 шілдедегі «Аудандық бюджеттік комиссиясын құру туралы» № 8-6-41 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Д.Ызғарбек);
  3. Ұйғыр аудандық мәслихатының 2023 жылғы 11 қазандағы «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» № 8-10-52 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (Хабарламашы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы В.Амирдинов);
  4. Ұйғыр ауданының Ават, Бахар, Қалжат, Қырғызсай, Сүмбе, Тасқарасу, Тиірмен, Шарын, Шонжы ауылдық округтеріне қарасты көшелерге атау беру және Дардамты, Кіші Дихан, Қалжат, Сүмбе, Үлкен Ақсу ауылдық округтеріне қарасты көшелерді қайта атау туралы (Хабарламашы – аудандық мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімінің басшысы Қ.Сабырбай).

Қаралған мәселелер бойынша ұсыныс, пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.