2025 жылғы 29 қыркүйекте Ұйғыр аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезекті ХLVІІІ сессиясы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- Аудандық мансап орталығының атқарған жұмысы туралы (Баяндамашы – манасап орталығының директоры М.Надырханов);
- Аудандық тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің атқарған жұмыстары туралы (Баяндамашы: Аудандық ТҰКШ және ТҮИ бөлімінің басшысы Б.Авакриев);
- Ұйғыр аудандық су құбыры мекемесінің атқарған жұмыстары туралы (Баяндамашы – «Ұйғыр аудандық су құбыры» мекемесінің басшысы А.Илахунов);
- Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 18 қаңтардағы № 19 Жарлығына сәйкес Дардамты және Ақтам ауылдық округтері әкімдерінің мәслихат депутаттары алдындағы есебі (Баяндамашы – Дардамты және Ақтам ауылдық округтерінің әкімдері).
Қаралған мәселелер бойынша ұсыныс, пікірлер айтылып, тиісті шешімдер қабылданды.