2025 жылғы 30 сәуірде Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы Б.Жылқышиевтың төрағалығымен кезекті отырыс өтті. Күн тәртібіне сәйкес облыстық құрылыс басқармасының басшысы Жалқұл Сұлтанғали Нұрғалиұлы Түркістан қаласына ерекше мәртебе берілуіне байланысты облыстық құрылыс басқармасының мемлекеттік саясатты жетілдіру және іске асыру жөніндегі есебі тыңдалды. Қосымша баяндаманы Қадырбеков Керімхан Жанысұлы Түркістан облыстық Қоғамдық кеңесінің ауыл шаруашылығы, құрылыс және коммуналдық салалары жөніндегі комиссиясы төрағасы жасады. Сонымен қатар, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментінің Превенция басқармасының офицері Нұрбеков Нұрболат Молдалыұлы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасына енгізілген ұзаққа созылған құрылыс нысандары құрылысының жай-күйі туралы» мәлімет берді. Құрылыс саласындағы мәселелер жан-жақты талқыланып, Қоғамдық кеңес мүшелерінің сұрақтарына сала басшылары жауаптар берді. Осы мәселені талқылау барысында айтылған ой-пікірлерді ескере отырып, ұсыным қабылданды. Күн тәртібіндегі басқа да 12 мәселелер қаралып, қажетті ұсынымдар берілді.