Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі

2025 жылғы 8 сәуір күні облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысын комиссия төрағасы М.Тұрысбеков жүргізді. Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Т.Қозбеков, басқарма басшылары, тұрақты комиссия мүшелері: Н.Әжіметов,  И.Намазбаева, Д.Егамбердиева, Д.Абіш, Б.Серманизов, Н.Жамалбеков, Ж.Әбдібаев, Ғ.Райымбеков, Ж.Қанаев, Б.Айтқұлов, Е.Үсентаев, А.Үмбетәлиев қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе қаралды.

Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселе бойынша өз пікірлерін айтып, аталған мәселені сессияның қарауына енгізуді ұсынды.