Түркістан облыстық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Түркістан облыстық мәслихатының  ХАБАРЛАМАСЫ

Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына сайлау туралы   

 

Түркістан облыстық мәслихаты «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабына сәйкес (әрі қарай - Сайлау туралы Конституциялық заң) Түркістан облыстық аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына сайлау жөнінде жұмыстардың басталғандығын хабарлайды.  

Саяси партия аумақтық сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшесі болып табылмайтын кандидатты ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, облыстық мәслихат аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша сайлайды.

Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, аумақтық сайлау комиссияларына қатысты жоғары комиссиялар 2025 жылғы 14 сәуірден бастап облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) белгіленген нысан бойынша электронды және қағаз түрінде аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидат туралы мәліметтер;

 2) саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының аумақтық сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы шешімінен үзінді;

3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;  

4) кандидаттың аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы белгіленген нысан бойынша өтініш.

Аумақтық сайлау комиссиясына ұсынылатын кандидат туралы мәліметтердің, кандидаттың аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштерінің формалары облыстық мәслихаттың https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan?lang=kk сайтында жарияланған.

Облыстық мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен куәландырылған, орындалу күні, орындаушының тегі, инициалдары  және оның телефонының нөмері көрсетілген болуы тиіс. 

Ұсыныстар электронды түрде maslihat.uko@yandex.kz электронды поштасына жолданады.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсыныстарды қабылдау мерзімі 15 күнді құрайды.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар                        (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы)  кіре алмайды.

Қағаз түріндегі ұсыныстар дүйсенбі - жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден сағат 19:00-ге дейін қабылданады, түскі үзіліс сағат 13:00-ден 15:00-ге дейін.

 Түркістан облыстық мәслихаты

 Әбішов Нұралы Әлмаханұлы – Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы.

Мәслихаттың орналасқан жері: индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 18.

Жауапты тұлға – Ахметов Жәнібек Мұхтарұлы, қалааралық код 8(72533), қызметтік телефон нөмерлері: 59-617, ұ.т. + 7 771 144 15 15,  электронды поштаның мекен жайы: maslihat.to@yandex.kz.

Қосымша 1-3, 5

Қосымша 4