ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА Түркістан облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының назарына

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА Түркістан облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының назарына

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 8 маусымдағы №912 Жарлығымен бекітілген Облыс аумағында орналасқан мәслихаттар немесе республикалық маңызы бар қалалар және астана мәслихаттары депутаттарының облыс, республикалық маңызы бар қала және астана әкімін лауазымға тағайындауға келісім беруі қағидаларының 5,6-тармақтарына сәйкес  Түркістан облысы аумағында орналасқан мәслихаттар депутаттарының жиналысы 2025 жылғы 6 қаңтарда сағат 10.30-да Конгресс-холл ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Әкімшілік-іскерлік орталық, Конгресс-холл, үлкен залда.

Депутаттарды  тіркеу  6 қаңтарда сағат 9.30-дан бастап Конгресс-холл фойесінде жүргізіледі.  

Күн тәртібіне енгізілетін мәселе:

Түркістан облысының әкімін тағайындауға келісім беру.

         

Облыстық мәслихат

төрағасы                                                                             Н. Әбішов