«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

 

«Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы

 

          2024 жылғы 17 шілдеде өткен облыстық мәслихаттың кезектен тыс он бірінші сессиясында «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағын беру туралы мәселе қаралып, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының  6-бабы 1-тармағының 12-1) тармақшасына сәйкес, облыс әкімінің ұсынысын қарап, «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағы мыналарға берілді:

Ағабеков Жаңабай Молдабайұлына - Түркістан облыстық мәслихатының депутатына;
Азимов Хабибулла Азимовичке - еңбек ардагеріне;
Әбдиев Үмбет Жиенбайұлына - білім саласының ардагеріне;
Әбуов Мүтәліпке - «ЮЖКАЗПРОЕКТ» жобалау институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі байқау кеңесінің төрағасына;
Әбіләзімов Бахаридин Нұғманұлына - «ҚазАзот» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі директорлар кеңесінің төрағасына;
Әліпбек Балжан Мәдиқызына - Түркістан облысының Әдiлет департаменті басшысының орынбасарына;

Берденов Арысбек Үсенұлына - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагеріне;
Бөкенбаев Құттыбекке - құрылыс саласының ардагеріне;
Егембергенов Мақсұтхан Ыбрайханұлына - өндіріс саласының ардагеріне;
Жабатаева Лаззат Келдібекқызына - жеке кәсіпкерге;
Жарқымбеков Тастайбекке - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ардагеріне;
Жолдасов Алданияз Бастарұлына - Мақтаарал аудандық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподақ комитетінің төрағасына;
Ибрагимов Мұрат Жұмашұлына - «Оңтүстік Жарық Транзит»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің  бас директорына;
Иманқұлов Әбдез Рахманұлына - «AMANAT» партиясы Шымкент қаласы Қаратау аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарына;
Иса Қазыбек Жарылқасынұлына - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатына;
Қазанбай Ағабекке - еңбек ардагеріне;
Қайшыбеков Сапарғали Леспекұлына - «Жүнісбаев және компания» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директорына;
Құлакеев Оңласбек Құдайбергенұлына - денсаулық сақтау саласының ардагеріне;
Мәркенбаев Жұматай Сәттібайұлына - өндіріс саласының ардагеріне;
Нысанбаев Рәтбекке - Есік қалалық мешітінің бас имамына, Алматы облысы;
Өнербай Нұрлан Әлтайұлына - Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісіне;
Рысбек Әбдірахманға - ауыл шаруашылық саласының ардагеріне;
Сағындықов Сихымбай Уәлиханұлына - жеке кәсіпкерге;
Сәбденов Мұрат Рахымұлына - еңбек ардагеріне;
Сәдібеков Ұласбекке - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутатына;
Сәлимов Алмас Алтайұлына - Түркістан облыстық мәслихатының депутатына;
Сұлтанов Рахматуллаға - еңбек ардагеріне;
Сыдық Досымбек Әлмаханбетұлына - «Оңтүстік-Батыс мал және өсімдік шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аға ғылыми қызметкеріне;
Тұрғымбеков Әуелхан Елтайұлына - еңбек ардагеріне;
Шимшек Мухиттинге - Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрiк университетi өкілетті кеңесінің төрағасына;