Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы өтті

2026 жылғы 23 маусым күні облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Н.Әшіров жүргізді.

Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайыпбек, тұрақты комиссия мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Ағабеков, Ғ.Қапалбаев, Е.Ералиев, С.Ералиев, Н.Сейтжанов, Е.Хандиллаев,  Т.Қаржауов, Н.Шақимергенқызы және басқарма басшылары қатысты.

          Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

  1. Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері  туралы;
  2. Түркістан облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  3. Түркістан облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  4. Түркістан облысының өнеркәсіп және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  5. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға немесе өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану мәселелері жөніндегі сарапшылық комиссиясының дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы    №17/241-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. «Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы №48/400-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  7. «Түркістан облысы 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15  желтоқсандағы №20/270-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. «Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/277-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  9. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
  10. Түркістан облысының 2026-2030 жылдарға арналған қоршаған орта сапасының нысаналы көрсеткіштерін бекіту туралы;
  11. «Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы                            15 желтоқсандағы  №20/281-VIІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.