2026 жылғы 22 маусым күні облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.
Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасының орынбасары Ж.Сүлейменов жүргізді.
Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Қ.Қайыпбек, Е.Алтаев, облыстық мәслихат депутаттары А.Үмбетәлиев, Б.Серманизов, Ж.Қанаев, И.Намазбаева, Е.Үсентаев, Ғ.Райымбеков, Н.Жамалбеков, Ж.Әбдібаев, Б.Айтқұлов, А.Салимов, Қ.Жантөреева, Т.Садуов, Б.Сүлейменов және басқарма басшылары қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
- «Дарбаза - Мақтаарал» темір жол желісі құрылысына ұсынылған ұсыныстар бойынша қабылданған шешімдер туралы;
- «Сарыағаш айналма жолы» автомобиль жолы құрылысының жобасына ұсынылған ұсыныстар бойынша қабылданған шешімдер туралы;
- Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
- Түркістан облысы Сарыағаш ауданы әкімінің 2025 жылы ауданға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәліметі;
- Түркістан облысы Кентау қаласы әкімінің 2025 жылы қалаға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәліметі;
- Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
- «Түркістан облысы 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/270-VIII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/281-VIІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
- Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері туралы;
Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, тиісті шешімдер қабылдады.