Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

Облыстық  мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

2026 жылғы 22 маусымда облыстық  мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

 Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Қ.Қайыпбек, комиссия мүшелері Б.Сүлейменов, Т.Садуов, Қ.Салыбек, Қ.Жантөреева, Б.Басымбек, Ж.Туламетов, Б.Шойбеков, Ж.Құрақбаев, Б.Байғараев және күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты. 

Тұрақты комиссияның отырысын тұрақты комиссия төрағасы А.Салимов жүргізді.

Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды: 

1.   

Түркістан облысының дін істері басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

2.   

Түркістан облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

3.   

Түркістан облысының мәдениет басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

4.   

«Түркістан облысы 2026–2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15  желтоқсандағы №20/270-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5.   

Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы  өзгерісті келісу туралы;

6.   

«Түркістан облысы әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/329-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

7.   

«Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

8.   

«Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы №19/263-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

9.   

«Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/274-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

10.  

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау саласындағы үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №9/129-VІІІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

11.  

Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін тағайындау туралы;

12.  

«Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімшілік-аумақтық құрылысындағы өзгерістер туралы» бірлескен Түркістан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 4 тамыздағы № 163  қаулысы және Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 25 маусымдағы № 17/238-VII шешіміне өзгеріс енгізу туралы;

13.  

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі   №17 округтік сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына сайлау туралы;

14.  

Түркістан облыстық мәслихаты аппаратының құрылымы туралы;

15.  

«Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы  №20/281-VIІI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

16.  

Түркістан облысының Құрмет грамотасымен  наградтау туралы;

17.  

Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма үшінші сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар;

18.  

Облыс әкімдігінің және облыстық тексеру комиссиясының 2025 жылға арналған облыстық бюджеттің атқарылуы жөніндегі есептері туралы.

         Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.