Түркістан облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі бірмандаттық №17 аумақтық сайлау округі бойынша сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына сайлау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес (әрі қарай - Сайлау туралы Конституциялық заң) Түркістан облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі бірмандаттық № 17 аумақтық сайлау округі бойынша сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына сайлау туралы жұмыстардың басталғандығын хабарлайды.
Түркістан облыстық мәслихатының депутатын сайлау жөніндегі бірмандаттық № 17 аумақтық сайлау округі бойынша сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесі – 1.
Әрбiр саяси партия округтік сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия округтік сайлау комиссияларының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Партиялардан ұсыныстар болмаған жағдайда, облыстық мәслихат округтік сайлау комиссияларының шығып қалған мүшесін өзге қоғамдық бiрлестiктердiң және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері, округтік сайлау комиссияларына қатысты жоғарғы комиссиялар 2026 жылғы 18 мамырдан бастап облыстық мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) белгіленген формада округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған кандидат туралы мәліметтерді электронды және қағаз түрінде;
2) саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының округтік сайлау комиссиясының құрамына кандидатты ұсыну туралы шешімінен үзінді;
3) саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің) тіркелгендігі туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттың округтік сайлау комиссияның жұмысына қатысуға келісім беруі туралы белгіленген формадағы өтініші;
Округтік сайлау комиссияларына ұсынылатын кандидаттар туралы мәліметтердің, кандидаттардың округтік сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштерінің формалары облыстық мәслихаттың https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-turkestan?lang=kk сайтында жарияланған.
Облыстық мәслихатқа ұсынылатын барлық құжаттар қол қойылған, мөрмен куәландырылған, орындалу күні, орындаушының аты-жөні, тегі және байланыс телефонының нөмері көрсетілген болуы тиіс.
Ұсыныстар электронды түрде maslihat.to@yandex.kz электронды поштасына жолданады.
Округтік сайлау комиссияларының құрамына ұсыныстарды қабылдау мерзімі 15 күнді құрайды.
Округтік сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сәйкес келуі тиіс.
Округтік сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстар (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Ұсыныстар қағаз түрінде: дүйсенбі - жұма күндері аралығында сағат 09:00-ден сағат 19:00-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13:00-15:00, қабылданады.
Түркістан облыстық мәслихаты
Әбішов Нұралы Әлмаханұлы – Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: индекс 161200, Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көшесі, ғимарат 18.
Жауапты тұлға – Алиев Еркеғали, қалааралық код 8(72533), қызметтік сымтетіктің нөмерлері: 59-615, м.т. + 7 701 736 36 10 электронды поштаның мекен жайы: maslihat.to@yandex.kz
Түркістан облыстық мәслихаты депутаттарын сайлау жөніндегі бірмандаттық № 17 аумақтық сайлау округі бойынша сайлау комиссиясының орналасқан жері
|
Сайлау округінің нөмері |
Орналасқан жері |
|
№17 сайлау округі |
Сарыағаш ауданы, Қабланбек ауылдық округі, Қабыланбек ауылы, Жәутіков көшесі, ғимарат 33 А |