Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы қарсаңында облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.

Тұрақты комиссия отырысына А.Салимов төрағалық етті.

Комиссия отырысына Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Ә.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Қ.Қайыпбек, Е.Алтаев, тұрақты комиссия мүшелері Ғ.Елшібай, Ж.Темірбекова, Қ.Салыбек, Б.Байғараев, У.Рахиев, Т.Садуов, Б.Сүлейменов, Х.Әшірбеков және күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты.  

Күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

   

 

1.   

Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

2.   

Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;

3.   

Облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;

4.   

«2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы № 20/268-VІIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

5.   

«Түркістан облысын басқару схемасы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/235-VII шешіміне толықтыру енгізу туралы;

6.   

Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;

7.   

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;     

8.   

«Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы №19/263-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;

9.   

Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының облыстық  мәслихат  қызметін ұйымдастыру, депутаттардың  сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі;

10.  

Түркістан облыстық мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2025 жылы атқарған қызметі жөніндегі есебі.      

       

Тұрақты комиссия мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап, өз пікірлерін айтып, аталған мәселелерді мәслихат сессиясының қарауына ұсынды.