Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

Облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы

2026 жылғы 16 ақпан күні облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы М.Тұрысбеков жүргізді. Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасарлары Қ.Қайыпбек, Н.Тұрашбеков, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов, Н.Әжіметов, Д.Абіш, Б.Серманизов, И.Намазбаева, Д.Егамбердиева, Ғ.Райымбеков, Н.Жамалбеков, Ж.Әбдібаев, Е.Қосмамбетов, Б.Айтқұлов қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:       

  1. Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің 2025 жылы қалаға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәліметі;
  2. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің 2025 жылы ауданға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәліметі;
  3. «Түркістан облысын басқару схемасы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/235-VII шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  4. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
  5. «2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 15 желтоқсандағы №20/268-VІII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  6. Облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
  7. Түркістан облысындағы кеден бекеттерінің жұмыстары және облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өзекті мәселелері туралы «Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 20 ақпандағы №15/206-VIII шешімінің орындалуы туралы»;
  8. Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының облыстық мәслихат қызметін ұйымдастыру, депутаттардың  сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі;
  9. Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған қызметі жөніндегі есептері.

          Қарау нәтижесі бойынша тиісті шешімдер қабылданды.