Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының 2026 жылғы 2 ақпандағы №1-Ш шешімі

Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының 2026 жылғы 2 ақпандағы №1-Ш шешімі

Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық

мәслихатының кезекті жиырма бірінші

 сессиясын шақыру туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 17:00-де Түркістан қаласында сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма бірінші сессиясы шақырылсын. 

Облыстық мәслихат төрағасы                                               Н. Әбішов

 

ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА

Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс

халқының назарына

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі  басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырма  бірінші сессиясының 2026 жылғы 18 ақпанда сағат 17:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат (1-қабаттағы мәжіліс залы).

Депутаттар  мен   шақырылғандарды  тіркеу  2026 жылғы 18 ақпанда сағат 16:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.  

Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:

  1. Түркістан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  2. Түркістан облысының денсаулық сақтау басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  3. Түркістан облысының жер қатынастары басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  4. Түркістан облысының мемлекеттік сәулет – құрылыс бақылауы басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  5. «Түркістан облысын басқару схемасы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/235-VII шешіміне толықтыру енгізу туралы;
  6. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  7. «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 28 қарашадағы №19/263-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Облыс әкімдігінің жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
  9. Түркістан облысындағы кеден бекеттерінің жұмыстары және облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің өзекті мәселелері туралы «Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 ақпандағы 15/206-VIII шешімінің орындалуы туралы»;
  10. Түркістан облысы Түркістан қаласы әкімінің 2025 жылы қалаға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәліметі;
  11. Түркістан облысы Мақтаарал ауданы әкімінің 2025 жылы ауданға республикалық, облыстық бюджеттен бөлінген қаржылар туралы мәліметі;
  12. Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының облыстық мәслихат  қызметін ұйымдастыру, депутаттардың  сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша 2025 жылы атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі;
  13. Түркістан облыстық мәслихаты тұрақты комиссияларының 2025 жылы атқарған қызметі жөніндегі есептері;

Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.

 

Облыстық мәслихат төрағасы                                                 Н. Әбішов