
Cегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы өтті.
Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың кезекті жиырмасыншы сессиясының жұмысына облыс әкімі Н.Көшеров, облыс әкімдігінің мүшелері, қалалық, аудандық мәслихат төрағалары, облыстың мемлекеттік органдарының басшылары, облыстық қоғамдық ұйымдар өкілдері, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Сессия жұмысын облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов жүргізді.
Сессияның күн тәртібінде 18 маңызды мәселе қаралды.
Атап айтқанда, Түркістан облысы полиция департаменті бастығының, Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы мен Түркістан облысының білім басқармасы басшыларының есептері тыңдалды.
Депутаттар мемлекеттік орган басшыларының есептеріне оң баға беріп, жұмысты одан әрі жандандыру бойынша шешім жобаларына өз ұсыныстарын енгізді.
Сонымен қатар, кадрлық өзгерістерге байланысты Түркістан облысы әкімдігі жанындағы бірқатар комиссиялардың құрамына өзгерістер енгізіліп, тиісті шешімдер қабылданды.
Жалпы, сессия жұмысында қаралған мәселелер бойынша мәслихат депутаттары тиісті шешімдер қабылдады.
Өз кезегінде облыс әкімі Н.Көшеров сессия жұмысын қорытындылап, мәслихат жұмысына табыс тіледі.