Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

Облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері  жөніндегі тұрақты комиссияның отырысы

2025 жылғы 11 желтоқсан күні облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

Тұрақты комиссияның жұмысын тұрақты комиссия төрағасы С.Көшенов жүргізді.

Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімінің аппарат басшысы Е.Дауылбаев, облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков, тұрақты комиссия мүшелері Ж.Ағабеков, Ғ.Қапалбаев, С.Арыстанов, Е.Ералиев, Е.Хандиллаев, Т.Қаржауов, Г.Мәлікова, Н.Шақимергенқызы қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:

  1. 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;
  2. Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы;
  3. «Түркістан облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы»;
  4. Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
  5. «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 14/172-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
  6. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы;
  7. Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы №48/400-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
  8. Облыстық жер комиссиясының құрамын бекіту туралы.
  9. Түркістан облысында ауыз суды өрт сөндіруге пайдалану кезіндегі шығындарын сумен жабдықтау және (немесе) су бұру жөніндегі ұйымдарға өтеуге жұмсалатын жергілікті атқарушы органдардың шығыстарын бекіту туралы;
  10. Түркістан облысы Түркістан қаласының Бас жоспары туралы;
  11. Түркістан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
  12. Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы;
  13. Түркістан облыстық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2026 жылға арналған шығыстар сметасы туралы;
  14. Түркістан облыстық мәслихаттың кәсіпкерлікті, құрылыс, инфрақұрылымды дамыту, жер қатынастары және табиғат пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді тұрақты комиссия мүшелері бірауыздан қабылдап, сессияның қарауына енгізу туралы қорытынды қабылдады.