Облыстық мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

Облыстық  мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті

Облыстық  мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму, мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының мәжілісі өтті.

 Комиссия отырысына облыстық мәслихаттың төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков, облыс әкімі аппаратының басшысы Е.Дауылбаев, комиссия мүшелері Б.Сүлейменов, Т.Садуов, У.Рахиев, Қ.Салыбек, Қ.Жантөреева, Ғ.Елшібаев, Б.Басымбек, Ж.Туламетов, Б.Шойбеков, Ж.Құрақбаев, Х.Әшірбеков және күн тәртібіне байланысты шақырылған облыстық басқарма басшылары қатысты. 

Тұрақты комиссияның отырысын тұрақты комиссия төрағасы А.Салимов жүргізді.

         Комиссия отырысында  мына мәселелер  талқыланды:      

1.   

2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы

2.   

Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы

3.   

«Түркістан облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары  туралы»

4.   

Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы

5.   

Түркістан облысының білім басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі

6.   

«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 14/172-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы

7.   

Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерісті келісу туралы

8.   

«Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30  қыркүйектегі №12/161-VIIІ шешіміне  өзгерістер енгізу туралы

9.   

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы

10.  

Түркістан облысы әкімдігі жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесінің  құрамын бекіту туралы

11.  

Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

12.  

Түркістан облыстық мәслихатының және оның аппаратының қызметін қамтамасыз етудің 2026 жылға арналған шығыстар сметасы туралы

13.  

Түркістан облыстық мәслихаты  әлеуметтік-мәдени даму,                    мемлекеттік-құқық, жергілікті өзін-өзі басқару және депутаттық                      этика мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы

14.  

Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясының жұмысшы органдарының құрамы бойынша ұсыныстар.

 

         Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тұрақты комиссия мүшелері өз ұсыныстарын айтып, мәселелерді сессия қарауына енгізуді ұсынды.