Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық
мәслихатының кезекті жиырмасыншы
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2025 жылғы 15 желтоқсанда сағат 17:00-де Түркістан қаласында сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясы шақырылсын.
Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс
халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезекті жиырмасыншы сессиясының 2025 жылғы 15 желтоқсанда сағат 17:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат (1-қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2025 жылғы 15 желтоқсанда сағат 16:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- Түркістан облысы полиция департаментінің Түркістан облысында қоғамдық қауіпсіздікті және құқық тәртібін қамтамасыз ету бойынша атқарған жұмыстары туралы;
- Түркістан облысының сәулет және қала құрылысы басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
- Түркістан облысының білім басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі;
- 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы;
- Облыстық бюджет және аудандық (облыстық маңызы бар қалалар) бюджеттердің арасындағы 2026-2028 жылдарға арналған жалпы сипаттағы трансферттер көлемі туралы;
- «Түркістан облысының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспары туралы»;
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы № 14/172-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- Оңтүстік Қазақстан облысына инвесторлар тарту және инвестициялық ахуалды жақсарту жөніндегі өңірлік кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылғы 16 наурыздағы №48/400-V шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Түркістан облысы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды және өзге де қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу, сондай-ақ, қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік және өзге де көмекті ұйымдастыру бойынша консультациялық-кеңесші органның дербес құрамын бекіту туралы;
- Түркістан облысы әкімдігі жанындағы әскери-патриоттық тәрбие жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамын бекіту туралы;
- «Түркістан облысы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 30 қыркүйектегі №12/161-VIIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Түркістан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы;
- Түркістан облыстық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.
Сессия қарауына келіп түсуіне қарай өзге де мәселелер енгізілуі мүмкін.
Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов