Сегізінші шақырылымдағы облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.
Отырысты облыстық мәслихат депутаты, тұрақты комиссия төрағасы М.Тұрысбеков жүргізді. Комиссия отырысына облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімінің орынбасары Н.Тұрашбеков, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов, Д.Әбіш, Ғ.Райымбеков, Е.Үсентаев, Б.Серманизов, И.Намазбаева, Ж.Әбдібаев, А.Сәлімов, Қ.Жантөреева, Қ.Салыбек, Б.Сүлейменов, Б.Басымбек, С.Арыстанов, Г.Мәлікова, Б.Шойбеков, Е.Хандиллаев, Т.Садуов, Ғ.Қапалбаев, Е.Ералиев, Т.Қаржауов, Ж.Ағабеков, Ж.Құракбаев, Н.Сейтжанов, М.Манапов, С.Ералиев, Ж.Темірбекова қатысты.
Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:
- «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату туралы;
- «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 33/358-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Түркістан облысында ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы»;
- «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді қабылдау туралы» Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 2017 жылғы 24 тамыздағы
№14/172-VI шешіміне өзгеріс енгізу туралы;
- «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы
№38/415-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы»;
- «Түркістан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 18/253-VIIІ шешімінің күшін жою туралы.
Қарау нәтижесі бойынша тиісті шешімдер қабылданды.