Сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық
мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы
сессиясын шақыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 10-бабы 2-тармағына сәйкес 2025 жылғы 28 қарашада сағат 17:00-де Түркістан қаласында сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясы шақырылсын.
Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов
ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТА
Түркістан облыстық мәслихатының депутаттары мен облыс
халқының назарына
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес Сіздердің назарларыңызға сегізінші шақырылымдағы Түркістан облыстық мәслихатының кезектен тыс он тоғызыншы сессиясының 2025 жылғы 28 қарашада сағат 17:00-де облыс әкімдігінің ғимаратында өтетіндігін жеткіземін, мекен-жайы: Түркістан қаласы, Жаңа қала шағын ауданы, 32 көше, 18 ғимарат (1-қабаттағы мәжіліс залы).
Депутаттар мен шақырылғандарды тіркеу 2025 жылғы 28 қарашада сағат 16:00-ден бастап зал фойесінде жүргізіледі.
Сессия қарауына енгізілетін мәселелер:
- «2025-2027 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2024 жылғы 13 желтоқсандағы №14/180-VIII шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесін лауазымынан босату туралы;
- «Түркістан облысында ауыз су беру бойынша көрсетілетін қызметтердің құны субсидиялауға жататын сумен жабдықтау жүйелерінің тізбесіне енгізілген сумен жабдықтау жүйелерінен берілген ауыз судың бір текше метрі үшін төлемақы мөлшерін бекіту туралы»;
- «Түркістан облысының әкімдігі жанындағы «Түркістан облысының бизнесі» өңірлік үйлестіру кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 13 маусымдағы
№38/415-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Түркістан облыстық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2025 жылғы 26 қыркүйектегі № 18/253-VIIІ шешімінің күшін жою туралы;
- «Түркістан облысы бойынша тексеру комиссиясы» мемлекеттік мекемесі туралы Ережені бекіту туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 12 желтоқсандағы № 33/358-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2018 жылғы 28 қыркүйектегі №30/331-VI шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
- «Түркістан облысы әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы».
Облыстық мәслихат төрағасы Н. Әбішов