
Баршаңызды Ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
25 қазан – біздің еліміз үшін маңызды күндердің бірі. Өйткені, 1990 жылы дәл осы күні Қазақстанның Егемендігі туралы декларация қабылданды. Бұл – ел тәуелсіздігінің алғашқы қадамы болды.
Сондықтан, Республика күні мемлекет құру жолындағы тарихи қадамның символы ретінде Отанымыздың әрбір азаматы үшін қастерлі күн.
Осынау Ұлы күні баршаңызға Тәуелсіздігіміздің тұғырлы, еліміздің еңселі болуы жолындағы қызметтеріңізге сәттілік пен табыс, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларыңызға бақ-береке тілеймін!
Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Н.Әбішов