Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті

2025 жылғы 26 қыркүйек күні облыстық мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырысты облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссия төрағасы М.Тұрысбеков жүргізді. Отырысқа облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, облыс әкімінің бірінші орынбасары З.Жолдасов, облыс әкімінің орынбасарлары Т.Қозбеков, Н.Тұрашбеков, облыстық мәслихат депутаттары Ж.Сүлейменов, А.Үмбетәлиев, Д.Әбіш,  Д.Егамбердиева, Ғ.Райымбеков, Н.Жамалбеков, Е.Қосмамбетов, Е.Үсентаев, Б.Серманизов, И.Намазбаева, Ж.Әбдібаев, Б.Айтқұлов, А.Сәлімов, Ғ.Елшібай, Қ.Жантөреева, Қ.Салыбек, Б.Байғараев, У.Рахиев, Б.Сүлейменов, Т.Садуов, Б.Басымбек, Х.Әшірбеков, Ж.Туламетов қатысты.

Мәжілістің күн тәртібінде мына мәселелер қаралды:       

  1. Түркістан облысы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы жөніндегі есебі;
  2. Түркістан облысы туризм басқармасы басшысының басқармаға жүктелген міндеттер мен функциялардың атқарылуы жөніндегі есебі.

Қарау нәтижесі бойынша тиісті шешімдер қабылданды.